Семейде көпқабатты үйде болған өрттен 15 адам эвакуацияланды
Эвакуацияланғандардың арасында алты бала бар, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт түстен кейін Гете көшесіндегі тоғыз қабатты үйде болды. Үшінші қабаттағы пәтердің балконының ағаш бөліктері, терезе блогы, жиһаздары мен жеке заттары өртенді.
Құтқарушылар көпқабатты үйдің 15 тұрғынын эвакуациялады, олардың алтауы – балалар.
Өрттің жалпы аумағы алты шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.
Abai Aqparat.kz