Алакөлде үш демалыс базасы өртеніп кетті

Үржар ауданындағы Алакөлде жалпы ауданы 3000 ш.м. өрт шамамен 02.48 ауыздықталып, 05.40-та толықтай жойылды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ТЖД мәліметінше, 4 шілдеде сағат 23:20-да «Керуен» демалыс базасында өрт шыққан. Қатты желдің салдарынан «Айгерім», «Әлихан», «Жібек жолы» демалыс базаларына да жайылды. Өрт болған жерде ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі мен Алматы облысының ТЖД жеке құрамынан 186 адам мен 29 бірлік техника жұмылдырылды.

Демалушылардың өздері тілсіз жаумен күресуге көмек қолын созды. Облыс әкімі бұл жағдай туралы хабардар болып, Үржар ауданының әкімі оқиға орнына жіберілді.

Дәрігерлерден көмек алу үшін 7 адам ауруханаға жүгінді. Барлығы ауруханаға жатқызудан бас тартты. Демалушылар көрші базаларға орналастырылды. Өрттің себептері анықталуда.

Abai Aqparat.kz

Related Articles