Семей тұрғындарының көліктерін алдап алып кеткен алаяқ ұсталды

Семейдің екі тұрғынынан автокөлік сатып алып, ақшасын бермей алдап кеткен алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың маусым айының соңында Семей қ.ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 39 жастағы қала тұрғыны хабарласып, таныс емес жігіт сатып алу сылтауымен оның ВАЗ көлігін иемденгенін айтты. Алайда, көлік қаскөйдің қолына түскеннен кейін, ол көлік үшін ешқандай төлем жасамаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмысқа қатысы бар Жарма ауданының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап алу кезінде қаскүнем өз кінәсін мойындады.

Тексеру барысында ер адам тағы бір жәбірленушіні алдағаны белгілі болды, ол 27 жастағы семейлік әйел болып шықты. Әйел адам да маусым айының соңында полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, «жалған сатып алушы» осыған ұқсас жолмен оның ВАЗ көлігін де иемденген.

Зардап шегушілерге келтірілген жалпы сома 1 500 000 теңгеден аса бағаланды.

Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы — алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Abai Aqparat.kz

Related Articles