ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Шемонаихада «жүргізуші құқығынан айырылған» тағы бір мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың маусым айының соңында Шемонаиха қаласында патрульдік полиция взводының қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы мотоциклді тоқтатты.
«Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққаны белгілі болды. Жүргізілген куәландыру жүргізуші автокөлік құралын орта дәрежедегі мас күйде жүргізгенін, сонымен бірге 2020 жылдың қараша айында 2027 жылға дейін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғанын көрсетті.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейік, осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Abai Aqparat.kz