ШҚО-да рұқсатсыз травматикалық қару алып жүрген ере адам ұсталды
ШҚО-да ер адам өзімен бірге травматикалық тапаншаны алып жүрген, сол үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың маусым айының соңында Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базаларының бірінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс орталығының 31 жастағы тұрғынынан травматикалық тапаншасына ұқсас зат табылып, тәркіленді.
«Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат 18х45 мм калибрлі «ОСА» кешенінің ПБ-4-1 МЛ үлгісінің ұңғысыз тапаншасы болып табылады. Қару өзін-өзі белсенді қорғауға арналған және жарық, шу және жарақат патрондарымен ату үшін жарамды. Жауап алу барысында ұсталған азамат қаруды оған мас күйінде болған 29 жастағы досы бергенін, оны көп ұзамай криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстағанын түсіндірді. Тексеру барысында күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері заңсыз айналымнан түрлі қарудың 121 бірлігі алынды, оның ішінде 16 ойық, 82 тегіс ұңғылы қару, 16 кесінді, 7 тапанша, 2 граната, 1488 оқ-дәрілер.
Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.
Abai Aqparat.kz