Абай облысында алдағы жылдарыбірнеше жаңа аурухана мен емхана пайда болады

Алдағы жылдары Абай облысында бірнеше жаңа аурухана мен емхана пайда болады, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

— Біздің бүкіл қоғамды алаңдататын денсаулық сақтау мәселелері аса маңызды. Айта кету керек, біздің облыстың кадрлық әлеуеті жеткілікті, өйткені бізде медициналық университет және орта медициналық қызметкерлерді оқытатын үш колледж бар. Мен Семей мен аудандардың кейбір медициналық мекемелерінде болдым. Әрине, белгілі бір қиындықтар бар – бұл ескірген жабдықтар мен ескі ғимараттар, бірақ жедел медициналық жәрдем ауруханасы сияқты ірі медициналық орталықтар да бар, — деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Биыл Семейде жұқпалы аурулар ауруханасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылға бірінші кезектегі міндеттердің бірі – Абай аудандық ауруханасы мен Көкпекті ауданының ауруханасындағы қазандықты күрделі жөндеу.

Жақын арада Семейде көп бейінді балалар ауруханасын, Облыстық қан орталығын, екі үлгілік емхананы, медициналық университет клиникасын салу мәселелері шешілетін болады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles