Абай облысының әкімі жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Бүгінгі күні жылыту маусымына дайындық, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, бейінді ведомстволар өкілдерінің және аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды, тиісті тапсырмалар берілді.
Көп пәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы — 27% (1187 үйдің 321-і дайын).
Бюджеттік сала объектілерінің дайындығы:
– Денсаулық сақтау объектілері -87% (40 объектінің 35-і);
— Білім беру объектілері – 80% (86 объектінің 67-сі);
— Әлеуметтік қорғау объектілері – 100% (2 нысан).
Abai Aqparat.kz