Ауруын жасырғанның күйін кешіп жүрмейік!

Бүгін облыстың аурухана басшыларын қабылдаған өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев, саладағы күрделі, шешілуі тиіс мәселелерді тізбектей келе, жауапты сала басшыларына осылай деді, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

– Қандай мәселе болмасын жасырмай айтылу керек! Бұл – адам денсаулығы мен өмірі! Сондықтан, жасырудың қажеті жоқ.

«Өңіріміздегі ауруханалар мен емханалардың басым көпшілігінің тозығы жеткен. Біршамасы күрделі жөндеуді талап етеді. Семей қаласында 200 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасын салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Абай аудандық ауруханасын, емхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді және Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының қазандық ғимаратын күрделі жөндеуден жақын арада өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді жиында Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

«Мен өзім Семейде өскендіктен, барлық ауруханалардың қай жерде орналасып, қандай күйде тұрғанын жақсы білемін. Мәселелерді сіз-біз болып бірге шешейік», – деді облыс әкімі.

Abai Aqparat.kz

Related Articles