Семейде шомылу маусымы басталғалы тілсіз жау 8 адамның өмірін қиды

Шомылу маусымы басталғаннан бері Семейде қайғылы оқиға 8 адамның өмірін қиды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz. 

Семей қ. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың ескертулеріне қарамастан біздің азаматтар жабдықталмаған жерлерде, ал балалар ересектердің қарауынсыз шомылуды жалғастыруда.

2022 жылғы 12 шілдеде 18 сағат 42 минутта Семей қаласының құтқарушыларына Ертіс өзені бойымен Понтон көпірі маңында суға шомылу кезінде ағыспен 2005 жылы туған қызды алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар келген бойда жасөспірімдер тобы шомылуға тыйым салынған жерде демалып, шомылғаны анықталды.

Дереу іздеу шаралары ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде сағат 17: 25-те Бобровка саяжай массивінің маңынан қыздың денесі табылды.

Құрметті азаматтар, Семей қ. ТЖ Басқармасы ескертеді: су объектілерінде жеке қауіпсіздік ережелерін елемеу сіздің өміріңіз үшін қауіпті! Есіңізде болсын! Мұндай жағдайлардан ешкім де сақтандырылмаған, судағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау және құтқарушылардың кеңесіне құлақ асқан маңызды. Сіздің және жақындарыңыздың өмірі сіздің қолыңызда!

ТЖ туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.

Abai Aqparat.kz

Related Articles