Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың 2022 жылғы 20 шілдеде шыққан өкімімен Шалқар Заманбекұлы Байбеков әкімнің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Шалқар Байбеков 1967 жылы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару Академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, кейін Қазақстан мемлекеттік заң Академиясының «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Abai Aqparat.kz

Related Articles