Абай облысында жүргізуші үш жылқыны қағып кетті, өзі оқиға орнында көз жұмды
Абай облысында Шар қаласының маңында жол-көлік оқиғасы болып, жүргізуші оқиға орнында мерт болды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Toyota Crown маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі үш жылқыны қағып кетті.
«Жол апаты салдарынан Toyota Crown маркалы автокқліктің 21 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, төрт жолаушысы — 1974 ж. т. және 1997 ж. т. екі әйел, 1997 ж. т. ер адам және 2021 ж. т. бала медициналық мекемеге жеткізілді, олардың біреуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 – бабы 3-бөлігі бойынша-көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады полицияда.
Abai Aqparat.kz