Абай облысының ПД басшысы болып Бектөре Сұлтан тағайындалды
Абай облыстық Полиция департаментінің бастығы болып Бектөре Сұлтан тағайындалды, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Жеңісбайұлы тағайындалды. Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа бастығын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов таныстырды.
Бектөре Сұлтан 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Білімі заңгер, ішкі істер органдарының басқару саласының магистрі.
Құқық қорғау органдарында 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді, қызметтік міндеттерін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ тергеушісі қызметінен бастады. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының ІІД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Шара соңында министрдің орынбасары Ержан Саденов жаңадан тағайындалған басшыға нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ жаңа өңірдегі қауіпсіздікті нығайту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды, ведомство қызметінің ашықтығы мен айқындығына, халықтың құқық қорғау органының жұмысына сенім деңгейін арттыруға назар аударуды тапсырды.
Abai Aqparat.kz