Семей тұрғыны 100 мың теңгеге хабарласқан

Семей тұрғынының телефонын сөйлесуге алып,  қашып кеткен алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әуезов ПБ кезекші бөліміне 51 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған.

Өтініш берушінің айтуынша, ағымдағы жылдың шілде айының басында Ертіс өзенінің жағасында өтіп бара жатқан адам оған жақындап, қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұраған, содан кейін телефонды алып қашып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 111 000 теңгені құрайды.

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ұстады. Ол 40 жастағы Семей тұрғыны болып шықты,  жауап алу кезінде кінәсін мойындады. Күдіктіден жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді.

Аталған факті бойынша Семей қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles