Семейдегі құдықта тұншығып қалған екі жастың денесі табылды

Семейдегі құдықтардың бірінен екі жастың денесі табылды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Бұл қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиға Роща ауданында болған деп хабарлайды. Болжам бойынша, жастар тұншығып қалды.

Полиция басқармасы аталған факті бойынша 21.07.2022 жылы Затон ПБ сотқа дейінгі тергеуді бастағанын, оның аясында бірқатар сараптамалар тағайындалғанын, сондай-ақ істің барлық мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Abai Aqparat.kz

Related Articles