Абай облысының әкімі халықаралық әуежаймен танысты

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі халықаралық әуежайға барды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Әуе айлағы 1982 жылы пайдалануға берілді. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушы, оның ішінде ішкі желілерде 80% және халықаралық желілерде 20%. Ғимараттың жалпы ауданы — 3500 шаршы метр. Ұшу-қону жолағы бетонмен жабылған, көлемі — 3100×45.

2015-2018 жылдары «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын реконструкциялау, сондай-ақ авариялық-құтқару станциясының, орталық тарату пунктінің, қазандықтың, су станциясының құрылысы және аэровокзалды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Қайта құру құны 10,715 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан – Семей – Нұр-сұлтан; Алматы – Семей – Алматы; Шымкент – Семей – Шымкент бағыттары бойынша тұрақты авиарейстер ұшуда.

Кездесу барысында әуежайдың қосалқы объектілеріне (ЖЖМ қоймасы, терминал-жүк) және әуе кемелері үшін 2-ден 14 орынға дейін тұрақтарды ұлғайтуға, сондай-ақ қызмет көрсететін арнайы техниканы жаңартуға мұқтаж екені белгілі болды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles