Абай облысының әкімі Курчатов қаласына жұмыс сапарымен барып, халықпен кездесу өткізді
«Біз инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығын дамыту, жолдарды оңтайластыру, құрылыс және басқа да маңызды аспектілер бойынша жұмыс істейтін боламыз», — деді Нұрлан Ұранхаев. Өңір басшысы халықты толғандырған сұрақтарға да жауап берді. Атап айтқанда, қала тұрғындары ЖЭО салу, жолдарды абаттандыру және Курчатовқа ғылым қаласы мәртебесін беру мәселелерін қозғады.
«Мен жағдайды жақсы білемін. ЖЭО құрылысы жоспарда бар. Жылумен қамту мәселесі өткір тұр, жағдай түсінікті, біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жылусыз біз Сізді қалдырмаймыз. Сондай-ақ, АЭС салу мәселесі де шешілуде. Мен Мемлекет басшысымен кездесуде Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беру туралы мәселені көтердім. Сондай-ақ, мұнда университеттің ашылуы күтілуде. Мен қаланың одан да жақсы болғанын қалаймын. Мен өзгерістерді көріп отырмын, көп нәрсе жасалуда. Шын мәнінде, өте жақсы және әдемі қала, жасыл, ғимараттар мен бүкіл инфрақұрылымды қалпына келтіру керек. Біз онымен айналысамыз», — деді облыс әкімі. Халықпен кездесуде көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынатын болады. Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды қабылдау өткізді.
Abai Aqparat.kz