Абай облысында үй өртінен мүгедек адам құтқарылды және екі газ баллоны шығарылды

Семейлік құтқарушылар өртенген үйден мүгедек адамды құтқарып қалды және екі газ баллонын алып шықты, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қыркүйекте сағат 17.22-де «101» кезекші пультіне Дулатов және Елемесов көшелерінің қиылысында үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келгенде, тұрғын үй ашық жалынмен оранғаны белгілі болды. Көршілердің айтуынша, үйде екі адам болған. Зардап шеккендердің бірі далада болған. Өрт сөндіруші-құтқарушылар бірден қызыл жалынға оранған үйге кіріп, мүгедек ер адамды алып шықты. Олар зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Сонымен қатар, өрт сөндіруші-құтқарушылар отқа оранған үйден 2 газ баллонын шығарды.

Белгілі болғандай, үйдің шатыры жанып, кіреберіс тобы өртенді. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 7 адам және 2 бірліктегі техника жұмылдырылды.  18.00-де өрт толығымен жойылды.

Өрттің алдын ала себебі — отты абайсыз қолдану.

Abai Aqparat.kz

Related Articles