Семейде есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді

Семей қаласында есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Қарасора-2022” және “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде есірткі саудасымен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүргізуде.

Қыркүйек айының басында Семей қаласында облыстың төрт тұрғыны белсене қатысқан Қазақстан мегаполистерінен синтетикалық есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді. Алдын ала мәліметтер бойынша полиция қызметкерлері Семей қаласында есірткі қойып кеткен студенттерді ұстап, тінту барысында олардан 13 грамнан астам өлшеп оралған және өткізуге дайын тыйым салынған заттар алынған.

Полиция сонымен қатар есірткіні жеткізуді ұйымдастырушының жеке басын анықтады. Ол 36 жастағы тұрғын болып шықты. Қаскүнем өз автокөлігімен қарағай орманында 405,32 грамм “синтетиканы” тасымалдау ұсталды. Lada автокөлігін тінту барысында жүк бөлімінен ақ пакет табылып, тәркіленді. Ішінде 70 зип-пакеттер, екі өлшеуіш қасық, екі электронды таразы, түрлі түсті 30 лента, түрлі түсті таспамен оралған 15 орам, олардың ішінде 10-15 кішкене бетбелгілер болды.

Жүргізілген сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 56,66 гр. гашиш есірткі заты, салмағы 161,72 гр. мефедрон және 243,60 гр. А-PVP психотроптық зат болып есептеледі.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Abai Aqparat.kz

Related Articles