Абай облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Семейде өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz Абай облысының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Сессияда үш мәселе қаралды. Отырыс барысында мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, «Karagaily» санаторийінде мұқтаж тұрғындарға санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ Курчатов қаласындағы «Тополек» балабақшасының ғимаратын реконструкциялау мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы екі жобаны қаржыландыру мәслихат сессиясында қаралатынын атап өтті.
Кездесу соңында Нұрлан Ұранхаев әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарына қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауды өтінген жастардың үндеуін толық қолдайтынын атап өтті. Депутаттарға арнаған сөзінде әкім бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін айтты. Семей еліміздің мәдени және тарихи орталығы екенін атап өтті. Осыған байланысты облыс басшысы абаттандыру бойынша барлық ережелерді тағы бір рет қарап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу қажет деп санайды.
Abai Aqparat.kz