Семейде жер үй өртенді

Семейде Бәйшешек көшесінде орналасқан үйлердің бірінде өрт шықты, құтқарушылармен бір газ баллоны шығарылды, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2022 жылы 22 қыркүйекте болған. Басқару пультіне сағат 14:20 Бәйшешек көшесінде орналасқан үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

«Құтқарушылар келген бойда жеке үйдің бірінші қабатында есік, терезе, төбе жабындылары мен жеке заттар жанып жатқаны белгілі болды. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекеттерінің арқасында қызыл жалын қысқа уақытта ауыздықталып, үйдің басқа бөлмелеріне өткен жоқ. Өрт сөндіру кезінде жанып жатқан ғимараттан газ-түтінінен қорғау қызметінің буыны көлемі 27 литр болатын 1 газ баллонын алып шықты.
Өрттің алдын ала себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау», – делінген ведомство хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles