Семейде жер үй өртенді

Семейде электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамағанның нәтижесінде үй өртенді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қыркүйекте күндізгі сағат 13:00 шамасында Семей қаласының Шығыс кентінде жеке тұрғын үйден өрт шықты.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген сәтте ағаш шатыр құрылымдары мен жеке заттар өртеніп жатты. 50 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын сөндірілді. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен сөндіру барысында жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ баллоны шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік техникасын сақтамау.

Абай облысы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді!

Abai Aqparat.kz

Related Articles