Абай облысында қырықтан астам граффити жойылды
Абай облысының полицейлері еріктілермен бірлесіп есірткі жарнамалайтын қырықтан астам граффитиді жойды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «СоцKZ» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен, жастар-ресурстық орталығымен, сондай-ақ еріктілермен бірлесіп, граффити-жарнамаларды жою бойынша рейд жүргізді.
Бірнеше сағат ішінде есірткі тартаушылармен күресушілер Юность кентінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына, қоршауларға есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын 40-тан астам жазбаны жойылды.
«Қазіргі уақытта психотроптық заттарды өткізудің байланыссыз схемасы тұрғын үйлердің қабырғаларына және басқа да қоғамдық орындарда есірткі жарнамалайтын граффитиді салу арқылы оларды насихаттауға және оның жарнамасының дамуына әкеп соғуда.
Осыған байланысты, Абай облысы Полиция департаменті ҚР ҚК 299-1 бабына сәйкес «Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны» үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Егер бұл қылмысты адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — делінген ведомство ақпаратында.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары есірткі жарнамасы бар граффитиді немесе оны салумен айналысатын адамдар анықталған жағдайда «102» жедел арнасына немесе 56-93-90 сенім телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.
Abai Aqparat.kz