Семей тұрғындары жылуға 400 млн теңгеден астам қарыз

ТКШ-да семейліктердің жылу бойынша қарыздары туралы айтылды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семейде қала тұрғындарының жылумен жабдықтау үшін қарыздары есептелді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, бүгінгі таңда дебиторлық берешек 400 млн теңгеден асады, оның 180 млн теңгесі — заңды тұлғалардың қарыздары.

«Қазір заңды тұлғалармен борышты сот тәртібімен өндіріп алу мәселесі пысықталуда. Көбісі берешектері толық өтелгенге дейін жылудан ажыратылды. Қазір халықпен үнемі мониторинг және рейдтік іс — шаралар жүргізілуде», — деп түсіндірді ТКШ.

Айта кетейік, қала билігі 29 қыркүйектен бастап жылыту маусымының басталғанын мәлімдеді. Жылу кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезекте қаланың әлеуметтік нысандары жылумен жабдықтауға қосылады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles