Семейде қазандықтарға көмір жеткізілуде
Семей қазандықтарына шұғыл түрде көмір жеткізілуде, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz «Теплокоммунэнерго»МКК-на сілтеме жасап.
«Теплокоммунэнерго» МКК 2022 жылдың 29 қыркүйегінде облыс орталығында жылыту маусымы басталатынын хабарлады.
«Барлық жылу көздеріне көмірді жедел тасымалдау жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету объектілері қосылады, содан кейін көп пәтерлі үйлер мен жеке сектор (орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған) қосылады», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Семейде алғашқы қар жауды және қала билігі жылыту маусымының басталғанын мәлімдеген болатын.
Abai Aqparat.kz