Семейде қазандықтарға көмір жеткізілуде

Семей қазандықтарына шұғыл түрде көмір жеткізілуде, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz «Теплокоммунэнерго»МКК-на сілтеме жасап.

«Теплокоммунэнерго» МКК 2022 жылдың 29 қыркүйегінде облыс орталығында жылыту маусымы басталатынын хабарлады.

«Барлық жылу көздеріне көмірді жедел тасымалдау жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету объектілері қосылады, содан кейін көп пәтерлі үйлер мен жеке сектор (орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған) қосылады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Семейде алғашқы қар жауды және қала билігі жылыту маусымының басталғанын мәлімдеген болатын.

Abai Aqparat.kz

Related Articles