Президент Абай облысындағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды
Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет. Бұл туралы Абай облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«Облыста қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі, білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдануы керек. Осы орайда, Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет. Аймаққа қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеген жөн. Жастарымыз сапалы білім алып, туған өлкесін дамытуға үлес қосуға тиіс. Сол себепті, облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырамын», — деді ҚР Президенті.
Abai Aqparat.kz