Абай облысының орталығында жеңіл автокөлік өртеніп кетті
Семейде сауда үйінің жанында көлік өртеніп кетті, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қазанда сағат 10:30 шамасында «101» кезекші пультіне «Апрель» сауда үйінің жанында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіруші-құтқарушылар шықты.
«Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 1993 жылғы Volkswagen маркалы автокөліктің ішкі бөлігі, корпусы, қозғалтқыш бөлігі, оң жақ алдыңғы дөңгелегі жанған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі — қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану», — делінген хабарламада.
Abai Aqparat.kz