Абай облысының орталығында жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Семейде сауда үйінің жанында көлік өртеніп кетті, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қазанда сағат 10:30 шамасында «101» кезекші пультіне «Апрель» сауда үйінің жанында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіруші-құтқарушылар шықты.

«Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 1993 жылғы Volkswagen маркалы автокөліктің ішкі бөлігі, корпусы, қозғалтқыш бөлігі, оң жақ алдыңғы дөңгелегі жанған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі – қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану», – делінген хабарламада.

Abai  Aqparat.kz

Related Articles