Абай жерінде «Еңлік Кебек» мазары жаңартылды

Мазарды қалпына келтіру жұмыстары жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылды, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шыңғыстаудағы мазар алғаш рет 60 жыл бұрын жөнделген болатын. Осы жолы да зираттың ауласы абаттандырылып, қос ғашыққа арналған ескерткіш реставрациядан өткізілді. Бұдан бөлек жүрек пішініндегі арт кескіндеме орнатылды. Нысанның  салтанатты ашылу рәсіміне келген көпшілік назарына театрландырылған көрініс ұсынылды. Екі жастың махаббатын жыр еткен шығарма ешкімді де бей-жай қалдырмады.

«Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді абаттандыруына 13млн , мына мүсінді жасағанға 20 млн қаражат бөлінді нәтижесін көріп отырсыздар, енді бүгінгі күні бүкіл жастарымыз осы жерге келіп тағзым жасайды, бүгінгі күні Еңлік пен Кебек – махаббаттың символы», – деді Абай ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімов.

Abai Aqparat.kz

Related Articles