Семей тұрғын үйлері жылумен жабдықтауға қалай қосылады

Семейде осы аптаның соңына дейін барлық нысандар жылумен жабдықтауға қосылады, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

«Қазіргі уақытта жылыту және ыстық сумен жабдықтауды кезең-кезеңмен іске қосу жалғасуда. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар (ауруханалар, балабақшалар, мектептер және т.б.) қосылады. Қаланың барлық нысандарын жылумен жабдықтауға қосу ағымдағы аптаның соңына дейін аяқталады. Осыған байланысты көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары үйлерді жылытуға қосу жұмыстарын жандандыруы қажет», — деп түсіндірді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жылыту маусымы облыс орталығында 29 қыркүйекте басталды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles