Семейде аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Семейде көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Қалалық ТКШ бөлімінің хабарлауынша, өткен жылы тек үш аула жөнделген, ал биылғы жылы 14 ауланы ретке келтіру жоспарланған.

«Биыл аулаларды аббаттандыру бойынша конкурс өтті, жұмыстар жүргізілуде. Аулаларды абаттандыру балалар, спорт және футбол алаңдарын орнатуды білдіреді, кей жерлерде асфальт төсеу қарастырылған», – деп түсіндірді ТКШ.

Айтып өтейік, 40-қа жуық көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жаңартылады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles