Абай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына Димитрий Гариков тағайындалды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыстық активке өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Димитрий Александрович Гариков, 1975 жылы 9 маусымда Шығыс-Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында дүниеге келген.

Білімі-Жоғары. 1998 жылы Семей құрылыс техникумын, 2000 жылы Д. Серікбаева атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998 — 1999 жж. — Бородулиха ауданы Бородулиха ауылының «Тұрмыс қызметі» АҚ кочегары.

1999 — 2000 жж. — Бородулиха МАЗС операторы.
2000 ж. қаңтар — маусымы — Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы.
2000 — 2001 жж. — Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылындағы ЖҚБ меңгерушісі.
2002 — 2006 жж. — «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы.
2006 ж. қаңтар — маусымы — Шығыс-Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2006 — 2009 жж. — «ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.

2009 — 2010 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары.
2010 — 2011 жж. — «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы.
2011 — 2013 жж. — Семей қаласы әкімінің орынбасары. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау, құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және байланыс мәселелеріне жетекшілік етті.
2013 — 2014 жж. — Курчатов қаласының әкімі.
2014 — 2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2019 — 2021 жж. — ШҚО «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы.
2021 ж. шілдеден бүгінге дейін — Семей қаласы әкімінің орынбасары.

Abai Aqparat.kz

Related Articles