Абай облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде
Абай облысының жылу көздеріндегі көмір қоры нормативтік пайдалану қорының 47 мыңын немесе 119% құрайды. Бюджеттік ұйымдардың көмірмен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болат Әбдіралиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Abaynews.kz.
- Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты 100 Гкал/сағ астам 4 ірі жылу көзімен (Семей қаласындағы ЖЭО — 1, РК-1, «Орталық» қазандығы және Бородулиха ауданы Жезкент кентінің қазандығы) және қуаты 100 Гкал/сағ кем 40 жылу көзімен (Семей қаласында 19 бірлік және облыстың 6 ауданында 21 бірлік) қамтамасыз етіледі. Жылумен жабдықтау саласындағы негізгі проблема — Семей қаласының оң жағалауындағы жылу энергиясының тапшылығы — сағатына 118 Гкал. Тапшылықты жабу үшін «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын қайта құру жүргізілуде. Жалпы қосымша қуат сағатына 40 Гкал құрайды. Жылумен жабдықтау бойынша барлық жұмыстар уақтылы аяқталды», — дейді Болат Әбдіралиев.
Сондай-ақ 3 қазандықты қайта құруға ЖСҚ әзірленуде. Жалпы қосымша қуат сағатына 94 Гкал құрайды («103-103А»,» 35 квартал»,»Зооветинститут»). Бұл ретте, жылу энергиясының өнімділігін арттыру және көптеген моральдық тұрғыдан тозған экологиялық қолайсыз қазандықтарды алмастыру мақсатында Энергетика министрлігі Семей ЖЭО-3 құрылысының ТЭН-ін әзірлеу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырма дайындады. Қалай болғанда да, Семейдегі жаңа ЖЭО 2027 жылға дейін пайда болмайды.
Баспасөз мәслихатында келесі жылдан бастап семейліктер жазғы кезеңде ыстық сумен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Жылумен жабдықтау саласындағы басты проблемалардың қатарында жылу желілерінің жоғары тозуы да бар. Облыстың жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 455,2 шақырым, желілердің орташа тозуы 63,8% құрайды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша 315 шақырым, орташа тозуы 68%.
Бүгінгі таңда Семей қаласындағы және Абай ауданының Қарауыл ауылында жалпы сомасы 1 331 млн теңгеге жылу желілерін салуға 3 ЖСҚ әзірленді.
Бұдан басқа, жалпы құны 1 995 млн теңге болатын жылу желілерін (РК-1-ден Степной кенті және ЖЭО-1-ден Ұшақтар) салу бойынша жобалар іске асырылуда.
Abaynews.kz