Дәрігерлер суық мезгілде алдын алу шараларын сақтауға шақырады
15 қыркүйектен бастап эпидемиологиялық маусым басталды. Абай облысындағы эпидемиологиялық жағдай, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде эпидемиолог-дәрігер Аяулым Әукенова айтып берді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
«Өкінішке орай, ЖРВИ-ны халық байыпты қабылдамайды, адамдар ауру өздігінен өтеді деп есептейді. Бірақ бұл ойлаулары қате. Емханаға бару қажет. Өз бетімен антибиотиктер қабылдау ұсынылмайды. Өзін-өзі емдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ тұмаумен ауырған жағдайда да», — деді Аяулым Әукенова.
Сонымен қатар эпидемиолог жыл сайын тұмауға қарсы екпе алуға шақырады. Биылғы жылы вакцина алуға ниет білдіргендер «Гриппол+» вакцинасын алып, бүкіл маусымға иммунитет қалыптастыра ала алады.
«Адамдардың көбісі вакцинация алдық, бәрібір ауырдық дейді. Айтып өтейін, вакцинация инфекциядан қорғамайды, ол аурудың ауыр ағымынан қорғайды. Содан кейін алдын алу үшін вакцинация алып, жеке гигиенаны сақтау керек», — деді Аяулым Әукенова.
«Гриппол+» вакцинасы тегін. Оны дәрігердің рұқсатымен тіркелген жерінен алуға болады.
«Әрине, барлық вакциналар сияқты, оның жанама әсерлері бар — бұл қалыпты жағдай. Бізде вакцинациядан кейінгі бақылау кабинеті бар. 30 минут бойы біз вакцинаны алған адамды бақылаймыз. Жалғыз нәрсе, кез-келген вакцинаны аш қарынға алуға болмайды, бұл естен тануға әкелуі мүмкін. Өкінішке орай, көптеген адамдар бұл ережені елемейді», — деп атап өтті эпидемиолог.
Жалпы, халық тұмауға қарсы вакцинацияны алуға белсенді қатысуда.
Abai Aqparat.kz