Абай облысында тоғыз балабақша салынады
2026 жылға дейін Абай облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша ашылады. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 5 700 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда.
«2023 жылы Семейде 3000 орынға арналған 5 мектеп, Водный кентінде 600 орындық, Аягөзде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектептердің құрылыс басталады. 2024 жылы — Семейде 2700 орындық 6 мектеп, Ақсайда 600 орындық, Қарағайлыда 900 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық, Ақтоғайда (Аягөз ауданы) 300 орындық, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда», — деді Нұржан Ахметқалиев.
Қазіргі уақытта жобаларды іске асыру үшін бастапқы-рұқсат беру құжаттары бойынша жинақтау жүргізілуде.
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде білім беру саласы бойынша 64,3 млрд. теңгеге 16 іс-шара жоспарланған.
Олардың ішінде:
- Семей қаласында көпфункционалды орталық салу (оқушылар сарайы);
- Ақсуат ауданындағы Ақсуат ауылында оқушыларға арналған шығармашылық үй салу;
- 510 орындық 6 шағын жинақты мектеп салу және 2100 орындық жұмыс істеп тұрған 6 мектепке қосымша жапсаржай (2 — Семей қаласында, 4 — Аягөз ауданында), Семей қаласында 600 орындық интернаты бар 1 мамандандырылған мектеп салу;
- 200 орындық интернат салу — Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты;
- Білім беру объектілеріне қазандық және жылу желілерін салу, реконструкциялау – 3 жоба (Бөдене ауылы, Қапанбұлақ ауылы, Педколледж);
- 4 балалар лагерін салу және реконструкциялау (Абай ауданында 40 орындық лагерь салу. Ақсуат ауданында 100 орындық лагерь салу. Көкпекті ауданында 60 орындық лагерь салу, Бородулиха ауданындағы 80 орындық «Кристалл» лагерін реконструкциялау);
- 2 100 орындық 9 балабақша салу;
- 6 орта мектепке арналған спорт залдарын салу (Жарма ауданы-Аршалы ауылы, Қарасу ауылы, Салқынтөбе ауылы, Қызылағаш ауылы, Семей қаласы — Талица ауылы, Үржар ауылы — Қазымбет ауылы);
- Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты » КММ «Әскери-спорт кешені» ғимаратының құрылысы;
- Семей қаласындағы М. Төлебаева атындағы музыкалық училище ғимаратына акт залының қосымша құрылысын салу;
- Мектептерді жаңғырту (жыл сайын 50 мектеп);
- «М. Әуезов атындағы Педагогикалық колледж» КМҚК аумағында 300 орындық концерт залын салу;
- Білім беру объектілерін күрделі жөндеу (57 жоба);
- Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарды жарақтандыру (11 жоба);
- Көкпекті ауданының «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-де интернат ғимаратын шағын орталық ретінде қайта жаңарту;
- Көкпекті ауданы Преображенка ауылында 300 орындық мектеп салу.
Abai Aqparat.kz