Абай облысы: Жыланды ауылында жаңа мектеп ашылды
Абай облысында Жыланды ауылында жаңа мектеп ашылды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Бұған дейін 1974 жылы салынған бір ғана ескі мектеп жұмыс істеген болатын. Жаңа оқу орны 100 орынға есептелген. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектеп робототехниканы қоса алғанда, жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған. Мектепте 25 орынға арналған асхана, 60 орынға арналған акт залы, үлкен спорт залы, 16 сынып және интернетке қосылған компьютері бар кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана балаларға электронды оқулықтармен айналысуға мүмкіндік береді.
Мектептің ашылу салтанатына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысты.
«Осыдан екі жыл бұрын Бесқарағай ауданының әкімі болып, сіздермен кеңесіп, мектеп салу үшін орын белгіледік. Бүгін біз заманауи техникамен жабдықталған жаңа оқу орнын ашамыз. Мектеп — еліміздің болашағының негізі. Мен бұл мектептің қабырғасында болашақ кәсіпорын басшылары, мұғалімдер мен дәрігерлер, қоғам қайраткерлері және жай ғана жақсы адал адамдар білімге, өмірлік тәжірибені түсінуге және өсуге алғашқы қадамдар жасайтынына сенімдімін», — деді облыс әкімінің орынбасары.
Жыланды ауылының барлық тұрғындары атынан ақсақал Ғазиз Төлекенов алғысын білдірді
«Біз осы жаңа мектепті қырық жылдан астам күттік. Өйткені, мектеп — бұл жай ғимарат емес, ол балалар тұратын әлем, ал жаңа мектеп — бұл жаңа, ерекше үміт әлемі. Біздің ескі мектепте балаларды оқытуға жағдай мен ыңғайлылық болған жоқ. Кіші сыныптар басқа ғимаратта бөлек оқыды.
Жаңа мектепте кең, бәрі балаларды оқыту үшін жасалған және үлкен спорт залы бар. Балаларға, әсіресе қыста, қайта-қайта далаға шығудың қажеті жоқ. Осы жарқын іске үлес қосқандардың барлығына алғыс айтамын».
Жалпы, оқушылар тапшылығын төмендету мақсатында Абай облысы бойынша ағымдағы жылы 1700 орынды қамтитын 4 мектеп іске қосылды (Семей қаласында — Степной кенті 300 орындық және Шығыс кенті 1200 орындық, Жарма ауданы Қапай Батыр ауылы және Бесқарағай ауданы Жыланды ауылында 100 орындық). Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдарға 5700 орынды қамтитын 11 мектеп салу жоспарланған (Семей қ. — 5, Аягөз қ. -2, аудандар: Ақсуат -2, Бесқарағай -1, Жарма -1).
Abai Aqparat.kz