Қарулы күштердің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері көмекке келді

Майор Владимир Ходьконың басшылығымен әскери бөлімдердің 60-тан астам әскери қызметшісі Семей қаласының тұрғын үйлері мен инфрақұрылым объектілеріндегі жылуды сақтауға көмек көрсетуде.

Олар 1-ЖЭО-да көмірді қолмен беріп жатыр. 20 адамнан тұратын үш ауысымда ұйымдастырылған жұмыс ақаулар жойылғанға дейін жалғаспақ. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай бүгін түнде болған еді. 1-ЖЭО-да мазут шаруашылығының отын беретін күштік фидері істен шыққан болатын.

Abai Aqparat.kz

Related Articles