Абай жұртшылығы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған өңір жұртшылығы халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды.
Шараға Абай облысы мәслихатының хатшысы Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен ардагерлер және жастар қатысты.
Ескерткіш басына жиналғандар желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.
Abai Aqparat.kz