Абай облысында «Дін және Мемлекет» аймақтық семинары басталды
Семей қаласында Абай облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Дін және Мемлекет» атты аймақтық семинар басталды.
Алғашқы пленарлық отырысты басқарма басшысы А. Садырбаев жүргізіп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шараға ҚМДБ Абай облысы бойынша бас имамы — Асқар Әбітайұлы, Семей қаласы шіркеуінің қызметкері — Виталий Александрович, Республикалық АТТ мүшесі, теология ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбәрак» университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимылдар академиясы директорының орынбасары — Азамат Нұғманұлы, Республикалық АТТ мүшесі, «Парасат» кеңес беру әдістемелік орталығының директоры, психолог — Индира Қилымбекқызы, ЖОО және колледж директорларының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, қала және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, қала мен аудан әкімдіктерінің дін саласына жауапты мамандары мен ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысуда.
Abai Aqparat.kz