Орталық мемлекеттік органдар арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өткізілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде орталық мемлекеттік органдар қызметкерлерінің командалары арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік турнирінің финалдық ойыны өтті.
Іс-шараның мақсаты– мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік деңгейін арттыру, жалпы эрудиция мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зияткерлік турнир 24 маусымда «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай бастау алып, 2022 жылдың тамызына дейін жалғасты.
Ойынға әр түрлі орталық мемлекеттік органдардың атынан 6 адамнан тұратын 17 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша финалдық ойынға Премьер-Министр Кеңсесінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің командалары шықты.
Финалдық ойында 1 орынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, 2 орын – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, 3 орын –Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі иеленді.
Жүлдегерлерге салтанатты түрде грамоталар мен медальдар, жеңімпаздарға даналықты бейнелейтін «Үкісі бар кубок» жүлдесі табысталды.
Abai Aqparat.kz