«Қазгеология» ұлттық компаниясының басшылығы күдікке ілінді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн. теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді.

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles