Ташкенттегі Қазақстан-Өзбек бизнес-форумында 2,5 млрд долларға келісімге қол қойылды
Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Ташкентте өткен өңіраралық Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша жалпы сомасы 2 2,5 млрд болатын 40 құжатқа қол қойылды.
Форумға екі тараптың 400 ден астам өкілі қатысты.
Бизнес-форум алаңында B2G, B2B кездесулер өткізіліп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белгіленді.
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қолдау бағдарламаларына қатысушылар жалпы сомасы 112,7 млн долларға 11 коммерциялық құжат жасасты. Олардың қатарында «теміржол жондеу» ЖШС қазақстандық компаниясы мен «Өзбекстан Темір Жолы» арасындағы Ангрен-Пап-Қоқан-Андижан-Савай учаскесінде темір жол жөндеу қызметтерін жеткізу туралы келісім бар. Шарт бойынша келісімшарттық міндеттемелер 80 млн АҚШ долларынан асады.
Бұдан басқа, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект енгізу туралы, қазақстандық компаниялардың катанка алюминийі, ұн, алма шырындары мен дәмдеуіштерді экспорттауы туралы келісімдерге қол қойылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1400-ден астам кәсіпорын және сауда, кәсіптік және ғылыми қызмет, құрылыс, көлік, қоймалау және басқа да салаларда 400-ден астам бірлескен қазақстан-өзбек компаниялары бар.
Abai Aqparat.kz