Семейде қалалық мәдениет үйінде «Бір шаңырақ астында» атты дәстүрлі фестиваль өтті

Мерекелік іс-шара балалар жылының қамқорлығымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналып өтті, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Фестивальдің ұйымдастырушысы Семей радиотехника және байланыс колледжі.

«Бүгінгі іс-шара ұлтаралық қатынастарды құруға арналған. Қазіргі уақытта, осындай қиын кезеңде бұл өте маңызды. Фестивальдің тамыры тереңде екенін атап өткім келеді. Бұл шара қаламызда көп жылдан бері өткізіліп келеді. Біз ресейлік оқу орындарымен тығыз жұмыс жасаймыз және бүгін бізге Томск мемлекеттік трансжүйелік және радиобасқару университеті және Алтай өнеркәсіптік экономикалық колледжі қосылды.  Бұл дос ресей халқымен мәдениет алмасу деп аталады. Бұл фестиваль балалардың бойында толеранттылықты қалыптастыруға, оларға патриоттық тәрбие беруге, Отанын сүюге, сондай-ақ өзге этносты құрметтеуге бағытталған», — деді радиотехника және байланыс колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Есембаева.

Фестиваль сахнасынан оқу орындарының өкілдері іс-шараға жиналғандарды мерекемен құттықтады, ал студенттер би билеп, ән шырқады.

OkSemey.kz

Related Articles