Шығысқазақстандық клуб Азия біріншілігінде екінші орынды иеленді
Семейде Қарағайлы ықшам ауданындағы «Арена» көпсалалы мәдени-спорттық кешенінінде өтіп жатқан әйедер арасындағы волейболдан клубтық Азия чемипионаты аяқталды, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Финалдық ойында қазақстандық екі клуб, Шығыс Қазақстанның «Алтай» клубы және Солтүстік Қазақстанның «Қуаныш» клубы кездесті. Нәтижесінде 3:2 есебімен «Қуаныш» кломандасы жеңіске жетті. ІІІ орынға ирандық команданы жеңген «Diamond Food» (тай командасы) жайғасты.
- Бүгінгі финалды біз «Алтай» және «Қуаныш» командаларының кездесулерін тамашалаудамыз. Біздің екі бірдей командамыз финалға шыққанына өте қуаныштымыз. «Қуаныш» командасы сенсеция жасады. Бұл команда өте жас команда, чемпионатта бірінші рет өнер көрсетіп отыр және финалға шықты. Ал «Алтай» командасы үшін бұл чемпионат өткен жылғы жетістіктерін қайта қайталап, осы жылдың желтоқсан айында Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама алуға жақсы мүмкіндік. Әлем чемпионатында Еуропаныңғ Азияның, Африканың, Латын Америкасының және Солтүстік Американың командалары өнер көрсетеді. Бұл өте маңызды турнир. Осы чемипонат барысында барлық командаларға қолдау көрсетіп, жанкүйерлік танытқан семейлік көрермендерге алғыс білдіргім келеді, — деді ҚР волейбол федерациясының бас хатшысы және турнирді бақылау комитетінің президенті Ермек Сырлыбаев.
Ол сондай-ақ барлық командалық спорт түрлерінің ішінде волейбол Қазақстанда ең жақсы дамығанын атап өтті.
- Қазақстанда волейбол өте жақсы дамуда, оның дәлелі, әйелдердің ұлттық командасы қатарынан бесінші мәрте әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Ал ерлер командасы әлем біріншілігінде өнер көрсетті. Волейбол барлық деңгейде жақсы дамуда, — деп түйіндеді Ермек Сырлыбаев.
Чемпионат аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды марапттау рәсімі өтті. Жеңімпаз команда Қытайда өтетін клубтық әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.
OkSemey.kz