ШҚО: бағдарлама орнаттырамын деп телефонынан айырылды
Шығыс Қазақстан тұрғыны 59 жастағы ер адамды телефонсыз қалдырды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың сәуір айының басында Шемонаиха АПБ кезекші бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгініп, бейтаныс ер адам оның смартфонына бағдарламалар орнатып беремін деп, оған тиесілі құны 70 000 теңге тұратын телефонын алдау жолымен иемденіп алғанын айтқан.
«Жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы қаланың 51 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Алаяқ кінәсін мойындап, айғақ зат тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген ведомство ақпаратында.
Айтып өтейік, ссы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Abai Aqparat.kz