ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді
ШҚО полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында атыс қарулары мен оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған 32 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері өз үйінде тапаншадан тұратын тұтас арсеналды, сондай-ақ әртүрлі калибрлі патрондарды сақтаған 32 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.
«Азаматтың үйін санкцияланған тінту барысында полицейлер: «МР-79-8» үлгісіндегі газ пистолетінен қайта жасалған пистолетті, «WALTHERP» маркалы газ пистолетін, «МР-654К» үлгісіндегі пневматикалық өздігінен оқталатын көп оқтаулы газ баллонды пистолетті және «СПШ 44» үлгісіндегі сигналдық пистолетті, сондай-ақ 150-ден астам патронды тауып, тәркіледі. Бұл патрондар зауыттық әдіспен жасалған және оқ атуға жарамды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, аталған азаматқа « келу туралы міндеттеме» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Abai Aqparat.kz