ШҚО-да демалыс базасында өрт шықты

Шығыс Қазақстанда демалыс базасы өртенді, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 28 мамырында Алтай ауданында «Родничек» демалыс базасы өртенді. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенде мансардалы үйдің ағаш бөліктері, сондай-ақ бір қабатты үйдің ағаш бөліктері өртке оранған.

«Құтқарушылармен 17 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде отқа оранған үйден 3 газ баллоны шығарылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі — отты абайсызда пайдалану, электр қондырғыларының авариялық жағдайы», — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Өртті өз күштерімен сөндіру кезінде 1972 жылғы азаматтың кеудесі күйіп қалған. Дәрігерлер қарауынан  кейін аталған азамат ауруханаға жатудан бас тартты. Содан кейін өзі қайта хабарласып Өскемен қаласының № 1 қалалық ауруханасына жатқызылды.

Abai Aqparat.kz

 

Related Articles