ШҚО-да браконьерлерден бір тоннадан астам балық тәркіленді

Шығыс Қазақстанда браконьерлерден заңсыз ауланған бір тоннадан астам балық тәркіленді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында “Нерест” ЖПІШ барысында ШҚО ПД ППБ инспекторы ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығымен бірлесіп Васильев өткелі тас жолында рейдтік шаралар жүргізу кезінде Тарбағатай ауданының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada Largus автокөлігін тоқтатып, оны тексеру кезінде көлік салонынан балық табылды.

Дәл сол күні балық өнімдерін заңсыз тасымалдаған Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды. Алайда екі жүргізушінің де тасымалданған балыққа тиісті рұқсат құжаттары болмай шықты.

Жалпы, ұсталғандардан 650 келіден астам табан және 570 келіге жуық мөңке балығы тәркіленді. Күдіктілер Омбы – Майқапшағай тас жолында белгісіз адамнан сатып алғандарын айтқан. Жалпы шығын шамамен 2,2 млн теңгеден астам қаржыға бағаланады.

Аталған факті бойынша ҚР-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Abai Aqparat.kz

Related Articles