Семейдегі бұрынғы «Речной вокзал» аумағында көпқабатты тұрғын үй кешені пайда болады
Семейдегі бұрынғы өзен вокзалы аумағына тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында қалалық архитектура бөлімінің басшысы Ардақ Исатаев айтып берді.
«Тұрғын үй кешені үш көпқабатты тұрғын үйден және автопаркингтен тұрады. Жоба әлі аяғына дейін әзірленген жоқ және келісімнен өткен жоқ», — деп түсіндірді А.Исатаев.
Айтып өтейік, өзен вокзалы бірніші жыл көлемінде қараусыз тұрды, ал өткен жылдың аяғында оны бұзу басталды. Бірегей өзен вокзалы нысаны 1977 жылы салынған болатын. Сол уақытта вокзал ғимараты еліміздегі ең әдемі ғимараттарының бірі болып саналды. Тұрғындардың айтуларынша, ғимараттың астында әлі күнге дейін бомба баспанасы сақталған-мыс.
Abai Aqparat.kz