Семейде түтінденген көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

Семейде түтінденген көпқабатты үйден 27 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 мамырда сағат 20:30 шамасында Цементшілер көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінің 4-қабатында орналасқан электр қалқанындағы электр сымдарында қысқа тұйықталу орын алып, қатты түтінденген. Оқиға орнына келген құтқарушылармен 27 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

ТЖ қызметінің қызметкерлерімен кіреберіс желдетілгеннен кейін тұрғындар пәтерлеріне оралды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles